Оқиға

Өскемен әкімдігінде өрт шықты

Өскемен әкімдігінде шыққан өрт 121 шаршы метр алаңға жайылған
Sputnik

АЛМАТЫ, 4 қазан – Sputnik. Өскемен әкімдігіндегі кабинеттің бірінен шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт Максим Горький көшесіндегі ғимараттың бесінші қабатынан шықты.

"Өрт сөндірушілер келген кезде түтіндеп жатты. Құтқарушылар ғимаратқа кіріп, еденнің жанып жатқанын анықтады", - деп хабарлады департамент.

Өрт сөндірушілер 121 шаршы метр алаңға жайылған өртті сөндірді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін мамандар анықтайды.

Оқи отырыңыз:

  • Нұр-Сұлтанда қыз жанып жатқан сауда орталығынан секіріп кетті – оқиға орнынан видео
  • "Миллиондаған шығынды өтейсіз": полиция ата-аналарға ескерту жасады
  • "Бізді улап жатқан жоқ па?": Ақтау үстіндегі қою түтін жұртты алаңдатты - видео