НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан мен Алматыда полицейлер эротикалық массаж салоны түрінде жұмыс істейтін притондарды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан және Қазақстан азаматтарынан құралған қылмыстық топтың жұмысын тоқтатты, олар эротикалық массаж салоны түрінде жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысқан.
Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында криминалдық бизнесті ұйымдастырған 8 адамнан тұратын топ анықталды. Қылмыскерлер хабарландыруларды "OLX", "SATU" интернет желілерінде, "Telegram" әлеуметтік желісінде орналастырған және қыздарды көп ақша төленетін жұмысқа орналастырамын деп шақырып, кейін оларды жезөкшелікпен айналысуға тарта отырып, кастингтер жүргізген (20-дан 30 қызға дейін).
Притондар таңдаулы коттедждерде ұйымдастырылған және демалыссыз тәулік бойы жұмыс істеген.
Күнделікті кіріс топ ұйымдастырушысына аударылып отырған және айына 10-12 миллион теңгені құраған.
1 қазанда Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында бір уақытта қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операция өткізілді, тінту жүргізілді, заттай дәлелдерді алды.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 262-бабының 1-бөлігі бойынша (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.
Ұйымдастырушылар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Оқи отырыңыз: