Қоғам

Қыз-келіншектерді Бахрейнде сексуалды құлдыққа салған шымкенттіктер сотталды

© AFP 2024 / REMY GABALDAРаботница коммерческого секса, архивное фото
Работница коммерческого секса, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Сотталған әйелдер қыз-келіншектерді алдап шетелге алып кетіп, оларды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз — Sputnik. Қыз-келіншектерді Бахрейн корольдігінде сексуалды құлдыққа салған Шымкенттің үш тұрғыны 6 жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот жабық режимде өтіп, оған 7 жәбірленуші қатысты, деп жазды Otyrar.kz.

Сотталған әйелдер бөлек әрекет еткенімен, бір әдісті пайдаланған. "Жеңгетайлар" қонақ үйде, бар мен басқа да орындарда жоғары жалақы төленетін жұмысқа тұрғызамын деп уәде еткен. Ал жәбірленушілер шетелге шыққан соң, олардың құжаттары мен телефондарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Сондай-ақ оларды жабық бөлмеде ұстап, бір-бірімен сөйлесуге тыйым салған.

Жәбірленушілер Бахрейнде шамамен бір жыл, яғни жергілікті полиция борделді анықтағанға дейін интимді қызмет көрсетіп келген.

Қостанайда жетім және кедей қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Корольдікте Маджит есімді жергілікті тұрғын сотталғандарға көмектескені белгілі болды. Шымкент тұрғындары Бахрейнге қыздарды жеткізгені үшін Маджиттен ақша алған.

"Олар Корольдікте болған кезде әлгі "жеңгетаймен" жақын араласып кеткені тергеу және сот барысында анықталды. Маджит қыз-келіншектерді жеткізіп тұрғаны үшін сыйақы беремін деп уәде еткен. Жалпы 3 қылмыстық іс қаралды. Барлығы осы Маджит арқылы жеткізілген", - деді Шымкенттің Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Сәбит Төреханов.

Сексуалды құлдықта қазақстандықтардан бөлек басқа да шетелдік қыз-келіншектер, соның ішінде ТМД елдерінің азаматтары бар екені белгілі болды. Қазір Шымкентте қазақстандық қыздарды сексуалды құлдыққа сату бойынша тағы бір қылмыстық іс қаралып жатыр. Бұл сот отырысында трансұлттық қылмыстық топ мүшелері сотталуда.

Жаңалықтар
0