Оқиға

Атырау облысында әйел нәрестесін көше дәретханасына лақтырып жіберді

Жаңа туған нәрестеге медициналық көмек көрсетілді, оны аудандық перзентхана дәрігерлері бақылауға алды
Sputnik

АЛМАТЫ, 4 қазан – Sputnik. Атырау облысында 31 жастағы әйел жаңа туған нәрестесін көше дәретханасына лақтырып жіберген.

Оқиға 3 қазанда Индер ауданында болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы сәбиге жансақтау бөлімінде көмек көрсетілгенін хабарлады. Қазір ол аудандық аурухананың перзентханасында жатыр, деп жазды "Мой ГОРОД" басылымы.

"Ұл ауруханаға жеткізілгенде суық тиген. Дәрігерлер жансақтау бөлімінде көмек көрсетті. Анасы сол ауданның 31 жастағы тұрғыны. Ол аудандық аурухананың босанғаннан кейінгі бөліміне жатқызылды", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі босанып, сәбиді көше дәретханасында қалдырған әйелдің жеке басы анықталғанын айтты. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: