НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов (12-3-1) екі жылдан кейін жекпе-жек өткізді, деп хабарлады Sports.kz.
Ол Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza Fighting Championship 34 турниріне қатысып, әзербайжандық Серхан Валилимен кездесті (6-3-1-1). Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелді, алайда Әшімов бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Арман қарсыласының бауырынан ұрып құлатты. Нокауттың видеосын төменде көруге болады.
Осылайша Арман Әшімов ММА-дегі кәсіпқой карьерасында он екінші жеңісіне қол жеткізді.
Оқи отырыңыз:
- Екі рет нокдаун алған қазақстандық боксшы қарсыласын бір соққымен сұлатып салды
- Жеңілмеген қазақстандық боксшы күтпеген жерден нокаутқа түсіп қалды – видео
- 21 жастағы қазақ боксшысы мексикалықты 90 секундта жеңді – нокауттың видеосы