Спорт

Арман Әшімов қарсыласын ұрып құлатты – жылдам нокауттың видеосы

© Sputnik / Дархан МусинЧемпионат РК по ММА
Чемпионат РК по ММА  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2021
Жазылу
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Naiza Fighting Championship 34 турнирінде әзербайжандық Серхан Валилимен кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов (12-3-1) екі жылдан кейін жекпе-жек өткізді, деп хабарлады Sports.kz.

Ол Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza Fighting Championship 34 турниріне қатысып, әзербайжандық Серхан Валилимен кездесті (6-3-1-1). Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелді, алайда Әшімов бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Арман қарсыласының бауырынан ұрып құлатты. Нокауттың видеосын төменде көруге болады.

Осылайша Арман Әшімов ММА-дегі кәсіпқой карьерасында он екінші жеңісіне қол жеткізді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0