Оқиға

Алматыда бетон тасымалдайтын көлік аударылды - фото

Дәл осы кезде жақын маңнан жедел жәрдем көлігі өтіп бара жатты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан — Sputnik. Алматыда Әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің бұрылысында бетон тасымалдайтын көлік аударылып қалды.

Жүргізушінің айтуынша, белгісіз себепке байланысты ол бұрылыста көлікті басқара алмай, көлік құралы бір шетіне қарай қисайып кеткен.

Алматыда бетон тасымалдайтын көлік аударылды - фото

Дәл осы кезде жақын маңнан жедел жәрдем көлігі өтіп бара жатты. Медицина мамандары жүргізушінің денсаулығын тексеру үшін тоқтағанымен, ер адам медициналық көмектен бас тартты.

Алматыда бетон тасымалдайтын көлік аударылды - фото

Жол апатының нақты себебін анықтау үшін оқиға болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз: