Оқиға

Алматыда бетон тасымалдайтын көлік аударылды - фото

© Sputnik / СтрингерАлматыда бетон араластыратын көлік аударылды
Алматыда бетон араластыратын көлік аударылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2021
Жазылу
Дәл осы кезде жақын маңнан жедел жәрдем көлігі өтіп бара жатты

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан — Sputnik. Алматыда Әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің бұрылысында бетон тасымалдайтын көлік аударылып қалды.

Жүргізушінің айтуынша, белгісіз себепке байланысты ол бұрылыста көлікті басқара алмай, көлік құралы бір шетіне қарай қисайып кеткен.

© Sputnik / СтрингерЖароков көшесінде бетон тасымалдайтын көлік аударылып қалды
Алматыда бетон тасымалдайтын көлік аударылды - фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2021
Жароков көшесінде бетон тасымалдайтын көлік аударылып қалды

Дәл осы кезде жақын маңнан жедел жәрдем көлігі өтіп бара жатты. Медицина мамандары жүргізушінің денсаулығын тексеру үшін тоқтағанымен, ер адам медициналық көмектен бас тартты.

© Sputnik / СтрингерЖароков көшесінде бетон тасымалдайтын көлік аударылды
Алматыда бетон тасымалдайтын көлік аударылды - фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2021
Жароков көшесінде бетон тасымалдайтын көлік аударылды

Жол апатының нақты себебін анықтау үшін оқиға болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0