Қоғам

Тоқаев Қазақ радиосының қызметкерлерін құттықтады

Президент радио ұжымы мен ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетілетінін атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ радиосының ардагерлері мен қызметкерлерін 100 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтады.

"Ақпарат кеңістігінде аса маңызды орын алатын Қазақ радиосының ардагерлері мен қызметкерлерін 100 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтаймын! Ұзақ жылғы жемісті еңбектеріңіз мемлекеттік наградаларға лайықты және сіздерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі", - деп жазды президент Twitter-де.

Қазақстанда 1 қазан – Радио қызметкерлері күні. Мереке биылдан бастап алғаш рет аталып өтіп жатыр. Осыдан тура 100 жыл бұрын дәл осы күні ұлттық радио республикада алғаш рет хабар таратуды бастады.

Оқи отырыңыз: