Саясат

Тоқаев дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы дипломаттардың негізгі міндеті ұлттық мүддені ілгерілету және қорғау екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

"Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын! Сіздердің негізгі міндеттеріңіз – ұлттық мүддені ілгерілету және қорғау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыру", - деп жазды президент Twitter-де.

Тоқаев бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өтті. Президент дипломаттарға жауапты мемлекеттік миссияны атқаруда табыс тіледі.

© Photo : ҚР СІМ баспасөз қызметіҚазақстанның шет мемлекеттермен дипломатиялық қатынасы
Тоқаев дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Қазақстанның шет мемлекеттермен дипломатиялық қатынасы

1992 жылдың 2 шілдесінде Елбасының жарлығымен Қазақстанның сыртқы істер министрлігі құрылды. Әр жыл сайын осы күні елде Дипломатиялық қызмет күні аталып өтеді.

Қазақстан бүгінде 186 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатқан.

Жаңалықтар
0