Егер сіз неке көкте қиылады деген ойды құптайтын болсаңыз, дәл осы фотолар сіздің көңіліңізден шығары сөзсіз.
Қазір пандемия кезінде биіктік қарым-қатынасты заңдастырудың есте қаларлық тәсілі болып отыр.
Сонымен қатар жас отбасы үшін ең маңызды күнді ұйымдастырған кезде өздерінің де, келген қонақтардың да қауіпсіздігін ұмытпаған жөн.
Батыл шешім қабылдаған адамдарды көріп сіз де шабыт алыңыз!
1 / 13
Төрт норвегиялық жұп Одда қаласының жанындағы Рингедалсватн көлінен 700 метр биіктікте орналасқан Троллтунга тауында неке қию рәсімін өткізді.
© REUTERS / Ase Marie Evjen/Trolltunga AS/NTB
2 / 13
Бұл той көйлегі Гиннес рекордтар кітабына енген. Оның ұзындығы – үш шақырым! Бұл көйлекті тігу үшін тігіншілерге 100 күн қажет болды. Қалыңдық сүйіктісіне "иә" деп жауап беру үшін Румыния астанасы Бухарестте әуе шарымен көтерілген.
© AP Photo / Vadim Ghirda
3 / 13
Екінің бірі үйлену тойын шатырда өткізе бермейді. Мұны экстрим деп атауға болады. Бұл жағдайда тойды ұйымдастырушылардың жұмысы көбейеді. Олар рәсімге қажет әрбір затты мұқият әзірлейді, тіпті желдің қай жақтан соғатынына дейін анықтайды. Соның арқасында дәл осындай ерекше фото естелікке қалады. Фотода: Нью-Йорктегі Рокфеллер Плазада той өткізген ерлі-зайыпты
© AFP 2024 / Timothy A. Clary
4 / 13
Тойдан бөлек үйлену мерейтойын қалай атап өтуге болады? Ең бастысы неке қиған кезде берген уәдені қайта еске алу қажет. Мұндай жағдайда қайнаған тіршіліктен бір сәт алыстап, шаңғы тебуге шығуға да болады. Фотода: Әулие Валентин күні өздерінің үйлену тойының онжылдығын тойлауға шыққан ерлі-зайыпты.
© AFP 2024 / Jason Connolly
5 / 13
Көңіл көтеруді ұнататындар өздерінің маңызды күнін шытырман оқиғаға толтыра алады. Олар бір бағытты таңдап, соған сәйкес іс-шара өткізеді. Мысалы, мына жас жұбайлар Таиландтың ойын-сауық саябағындағы Skycoaster аттракционымен биікке көтерілген.
© AP Photo / Wason Wanichakorn
6 / 13
Күйеу жігіт қалыңдықты Хунань провинциясындағы Мао Цзэдун мемориалдық саябағындағы көпір арқылы алып өтті.
© AP Photo / Xinhua / Zhang Jingming
7 / 13
Тайваньның әскери ұшқыштары қалыңдықтарын С-130 ұшағына апара жатыр. Олардың бәрі ұшақпен Синчжу қаласындағы жаппай үйлену орнына барады.
© AP Photo / Wally Santana
8 / 13
Оклахома ойын-сауық саябағындағы әткеншектер бұрын-соңды мұндай қонақтарды көрмеген шығар, дәл осы жерде үйлену рәсімі өтіп жатыр. Әрі қарай жиналған қонақтарды қызықты сапар күтіп тұр.
© AP Photo / David Longstreath
9 / 13
Нью-Йорктегі Эмпайр-стейт-билдинг алаңында жел қалыңдық фатасын әрі-бері тербелтіп тұр. Дәстүр бойынша рәсім Валентин күніне арналған америкалық үйлену журналдарының бірінің эссе байқауының жеңімпаздары үшін өткізілді.
© AP Photo / Bebeto Matthews
10 / 13
Нью-Джерси штатында үйлену тойы күні биіктіктен секірген жас жұбайлар.
© AP Photo / Don Slabicki
11 / 13
Оңтүстік Кореяның арнайы күштерінің сержанттары ұшақ бортындағы кішігірім рәсімнен кейін бірге әуеде ұшуға бел буған.
© AFP 2024 / South Korea Special forces
12 / 13
Тайландтың Пранчинбури провинциясында үйлену рәсімін жартаста өткізу дәстүрі бар. Жартастың үстіндегі жұп неке туралы куәлігін көрсетіп тұр.
© AFP 2024 / STR
13 / 13
Норвегия тұрғындары Тролль тілі деп аталатын белгілі жартасқа келіп, сезімін сынап көруде. Бұл жер туристер және жергілікті тұрғындар арасында өте танымал.
© AFP 2024 / Еse Marie Evjen / Trolltunga AS / NTB