Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Нағыз экстрим мен ұмытылмас сәт: ерекше үйлену тойлары – фото

Жазылу
Махаббат – қанат біту, самғау, ұшу. Мүмкін парашютпен секіру, әуе шарымен ұшу немесе тау шыңына шығу арқылы асқақ сезімді шексіздікке теңеп, ғашықтар содан шабыт алады

Егер сіз неке көкте қиылады деген ойды құптайтын болсаңыз, дәл осы фотолар сіздің көңіліңізден шығары сөзсіз.

Қазір пандемия кезінде биіктік қарым-қатынасты заңдастырудың есте қаларлық тәсілі болып отыр.

Сонымен қатар жас отбасы үшін ең маңызды күнді ұйымдастырған кезде өздерінің де, келген қонақтардың да қауіпсіздігін ұмытпаған жөн.

Батыл шешім қабылдаған адамдарды көріп сіз де шабыт алыңыз!

© REUTERS / Ase Marie Evjen/Trolltunga AS/NTBТөрт норвегиялық жұп Одда қаласының жанындағы Рингедалсватн көлінен 700 метр биіктікте орналасқан Троллтунга тауында неке қию рәсімін өткізді.
Пары во время свадебной церемонии на Языке Тролля в Норвегии  - Sputnik Қазақстан
1/13
Төрт норвегиялық жұп Одда қаласының жанындағы Рингедалсватн көлінен 700 метр биіктікте орналасқан Троллтунга тауында неке қию рәсімін өткізді.
© AP Photo / Vadim GhirdaБұл той көйлегі Гиннес рекордтар кітабына енген. Оның ұзындығы – үш шақырым! Бұл көйлекті тігу үшін тігіншілерге 100 күн қажет болды. Қалыңдық сүйіктісіне "иә" деп жауап беру үшін Румыния астанасы Бухарестте әуе шарымен көтерілген.
Модель в свадебном платье с самым длинным в мире шлейфом на воздушном шаре в Румынии  - Sputnik Қазақстан
2/13
Бұл той көйлегі Гиннес рекордтар кітабына енген. Оның ұзындығы – үш шақырым! Бұл көйлекті тігу үшін тігіншілерге 100 күн қажет болды. Қалыңдық сүйіктісіне "иә" деп жауап беру үшін Румыния астанасы Бухарестте әуе шарымен көтерілген.
© AFP 2024 / Timothy A. ClaryЕкінің бірі үйлену тойын шатырда өткізе бермейді. Мұны экстрим деп атауға болады. Бұл жағдайда тойды ұйымдастырушылардың жұмысы көбейеді. Олар рәсімге қажет әрбір затты мұқият әзірлейді, тіпті желдің қай жақтан соғатынына дейін анықтайды. Соның арқасында дәл осындай ерекше фото естелікке қалады. Фотода: Нью-Йорктегі Рокфеллер Плазада той өткізген ерлі-зайыпты
Пара во время свадебной фотосессии на смотровой площадке Рокфеллер Плаза в Нью-Йорке - Sputnik Қазақстан
3/13
Екінің бірі үйлену тойын шатырда өткізе бермейді. Мұны экстрим деп атауға болады. Бұл жағдайда тойды ұйымдастырушылардың жұмысы көбейеді. Олар рәсімге қажет әрбір затты мұқият әзірлейді, тіпті желдің қай жақтан соғатынына дейін анықтайды. Соның арқасында дәл осындай ерекше фото естелікке қалады. Фотода: Нью-Йорктегі Рокфеллер Плазада той өткізген ерлі-зайыпты
© AFP 2024 / Jason ConnollyТойдан бөлек үйлену мерейтойын қалай атап өтуге болады? Ең бастысы неке қиған кезде берген уәдені қайта еске алу қажет. Мұндай жағдайда қайнаған тіршіліктен бір сәт алыстап, шаңғы тебуге шығуға да болады. Фотода: Әулие Валентин күні өздерінің үйлену тойының онжылдығын тойлауға шыққан ерлі-зайыпты.
Пара отмечает 10-летнюю годовщину свадьбы на кресельном подъемнике в штате Колорадо   - Sputnik Қазақстан
4/13
Тойдан бөлек үйлену мерейтойын қалай атап өтуге болады? Ең бастысы неке қиған кезде берген уәдені қайта еске алу қажет. Мұндай жағдайда қайнаған тіршіліктен бір сәт алыстап, шаңғы тебуге шығуға да болады. Фотода: Әулие Валентин күні өздерінің үйлену тойының онжылдығын тойлауға шыққан ерлі-зайыпты.
© AP Photo / Wason WanichakornКөңіл көтеруді ұнататындар өздерінің маңызды күнін шытырман оқиғаға толтыра алады. Олар бір бағытты таңдап, соған сәйкес іс-шара өткізеді. Мысалы, мына жас жұбайлар Таиландтың ойын-сауық саябағындағы Skycoaster аттракционымен биікке көтерілген.
Свадебная церемония на аттракционе Skycoaster в День Валентина в Таиланде  - Sputnik Қазақстан
5/13
Көңіл көтеруді ұнататындар өздерінің маңызды күнін шытырман оқиғаға толтыра алады. Олар бір бағытты таңдап, соған сәйкес іс-шара өткізеді. Мысалы, мына жас жұбайлар Таиландтың ойын-сауық саябағындағы Skycoaster аттракционымен биікке көтерілген.
© AP Photo / Xinhua / Zhang JingmingКүйеу жігіт қалыңдықты Хунань провинциясындағы Мао Цзэдун мемориалдық саябағындағы көпір арқылы алып өтті.
Жених и невеста на цепном мосту в Мемориальном парке Мао Цзэдуна в провинции Хунань - Sputnik Қазақстан
6/13
Күйеу жігіт қалыңдықты Хунань провинциясындағы Мао Цзэдун мемориалдық саябағындағы көпір арқылы алып өтті.
© AP Photo / Wally SantanaТайваньның әскери ұшқыштары қалыңдықтарын С-130 ұшағына апара жатыр. Олардың бәрі ұшақпен Синчжу қаласындағы жаппай үйлену орнына барады.
Военные ВВС Тайваня со своими невестами у транспортного самолета C-130  - Sputnik Қазақстан
7/13
Тайваньның әскери ұшқыштары қалыңдықтарын С-130 ұшағына апара жатыр. Олардың бәрі ұшақпен Синчжу қаласындағы жаппай үйлену орнына барады.
© AP Photo / David LongstreathОклахома ойын-сауық саябағындағы әткеншектер бұрын-соңды мұндай қонақтарды көрмеген шығар, дәл осы жерде үйлену рәсімі өтіп жатыр. Әрі қарай жиналған қонақтарды қызықты сапар күтіп тұр.
Свадебная церемония на деревянных американских горках в парке развлечений Оклахомы  - Sputnik Қазақстан
8/13
Оклахома ойын-сауық саябағындағы әткеншектер бұрын-соңды мұндай қонақтарды көрмеген шығар, дәл осы жерде үйлену рәсімі өтіп жатыр. Әрі қарай жиналған қонақтарды қызықты сапар күтіп тұр.
© AP Photo / Bebeto MatthewsНью-Йорктегі Эмпайр-стейт-билдинг алаңында жел қалыңдық фатасын әрі-бері тербелтіп тұр. Дәстүр бойынша рәсім Валентин күніне арналған америкалық үйлену журналдарының бірінің эссе байқауының жеңімпаздары үшін өткізілді.
Невеста на Эмпайр-стейт-билдинг в Нью-Йорке  - Sputnik Қазақстан
9/13
Нью-Йорктегі Эмпайр-стейт-билдинг алаңында жел қалыңдық фатасын әрі-бері тербелтіп тұр. Дәстүр бойынша рәсім Валентин күніне арналған америкалық үйлену журналдарының бірінің эссе байқауының жеңімпаздары үшін өткізілді.
© AP Photo / Don SlabickiНью-Джерси штатында үйлену тойы күні биіктіктен секірген жас жұбайлар.
Молодожены после свадебной церемонии во время прыжка с канатом в Атлантик-Сити  - Sputnik Қазақстан
10/13
Нью-Джерси штатында үйлену тойы күні биіктіктен секірген жас жұбайлар.
© AFP 2024 / South Korea Special forcesОңтүстік Кореяның арнайы күштерінің сержанттары ұшақ бортындағы кішігірім рәсімнен кейін бірге әуеде ұшуға бел буған.
Южнокорейские молодожены во время свободного падения после свадебной церемонии в воздухе над Южной Кореей  - Sputnik Қазақстан
11/13
Оңтүстік Кореяның арнайы күштерінің сержанттары ұшақ бортындағы кішігірім рәсімнен кейін бірге әуеде ұшуға бел буған.
© AFP 2024 / STRТайландтың Пранчинбури провинциясында үйлену рәсімін жартаста өткізу дәстүрі бар. Жартастың үстіндегі жұп неке туралы куәлігін көрсетіп тұр.
Молодожены с сертификатами на тросах над скалой в Таиланде   - Sputnik Қазақстан
12/13
Тайландтың Пранчинбури провинциясында үйлену рәсімін жартаста өткізу дәстүрі бар. Жартастың үстіндегі жұп неке туралы куәлігін көрсетіп тұр.
© AFP 2024 / Еse Marie Evjen / Trolltunga AS / NTBНорвегия тұрғындары Тролль тілі деп аталатын белгілі жартасқа келіп, сезімін сынап көруде. Бұл жер туристер және жергілікті тұрғындар арасында өте танымал.
Пара во время свадебной церемонии на Языке Тролля в Норвегии  - Sputnik Қазақстан
13/13
Норвегия тұрғындары Тролль тілі деп аталатын белгілі жартасқа келіп, сезімін сынап көруде. Бұл жер туристер және жергілікті тұрғындар арасында өте танымал.
Жаңалықтар
0