Оқиға

"Кредитіңді жауып беремін": банк қызметкері тұрғынды сан соқтырды

Әйелді сөзіне сендірген қызметкер оның 200 мың теңге ақшасын алып алған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Түркістан облысында тұрғынды алдаған банк қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қаласының тұрғыны алаяқтың құрбаны болғанын айтып, полицияға шағымданды. Оның айтуынша, белгісіз адам өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, несиені жабуға ақша сұраған.

Кредит алғандар нені білуі керек

Жәбірленушіні сөзіне сендірген күдікті оның 200 мың теңге ақшасын алып алды. Одан кейін әйелге берген уәдесін орындамай, әбден әбігерге салған.

Осыған қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс қозғалды. Кентау қаласының полиция басқармасында жедел тергеу тобы құрылды.

Кредит мақұлданды: сарапшы "банк қызметкерлерінің" жаңа айласы туралы айтты

Нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын банк қызметкері болып жұмыс істеген жергілікті тұрғын болып шықты. 

Белгілі болғандай, ұсталған ер азамат алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.