Қоғам

Өткен тәулікте қанша адам COVID-19 бен пневмониядан қайтыс болды

1 қазандағы мәлімет бойынша республикада індетке шалдыққан 805 адамның жағдайы ауыр, 221 пациент хәл үстінде жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты.

Ведомство мәліметінше, бір тәулікте коронавирустан 42 пациент, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 7 науқас көз жұмды.

Пандемия басталғалы барлығы 11 220 адам коронавирустан, 4 835 пациент ковидтік пневмониядан қайтыс болды.

1 қазандағы мәлімет бойынша, 60 657 адам коронавирус инфекциясынан (–52 309 + және 8 348 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 210 пациент стационарда, 50 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандар арасында:

  • 805 адамның жағдайы ауыр,
  • 221 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 139 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: