НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты.
Ведомство мәліметінше, бір тәулікте коронавирустан 42 пациент, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 7 науқас көз жұмды.
Пандемия басталғалы барлығы 11 220 адам коронавирустан, 4 835 пациент ковидтік пневмониядан қайтыс болды.
1 қазандағы мәлімет бойынша, 60 657 адам коронавирус инфекциясынан (–52 309 + және 8 348 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 210 пациент стационарда, 50 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
- 805 адамның жағдайы ауыр,
- 221 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 139 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Оқи отырыңыз: