Қоғам

COVID-19 инфекциясының алғашқы белгілері өзгерді

Дәрігерлер коронавирус инфекциясының алғашқы белгілері тұмауға ұқсас екенін айтты, алайда инфекция жұқтырған кезде дене қызуы бірнеше апта бойы көтеріледі
Sputnik

АЛМАТЫ, 1 қазан – Sputnik. Осы күзде коронавирус инфекциясының белгілері өзгерді: ол мезгілдік тұмауға ұқсас болады, дейді дәрігерлер.

РИА Новостидің хабарлауынша, коронавирус жұқтырған адамның дене қызуы тұмау кезіндегідей көтеріледі, алайда оған қарағанда ұзаққа созылады.

Сондай-ақ COVID-19 жұқтырған науқастарда мұрын біту, тамақ ауырып, жыбырлау секілді белгілер байқалады. Жөтелге байланысты қақырық жиналып, ол да ұзаққа созылады.

Сонымен қатар неврологиялық белгілер байқалады: бас айналу, бас ауру, әлсіздік. Бірден тұрған кезде талып қалу да кездеседі. Дәрігерлердің сөзінше, мұндай белгілер аурудың екінші күнінде байқалып, бірнеше аптаға созылады.

Алайда аурудың бұған дейінгі белгілері жоқ болып кетпеді. Олардың арасында ас қорытудағы бұзылыс, іштің ауруы, жүрек айну мен құсу бар.

Мамандардың айтуынша, мұрынның шырышты қабығының қабынуы коронавирус инфекциясының жаңа белгісіне айналды.

Оқи отырыңыз: