Қоғам

Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайында жолаушыларды тексеру күшейтілді

Жедел-алдын алуды шараларын өткізуге байланысты терминалға кіреберісте қосымша тексеріс жүргізілетін болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан — Sputnik. Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайы жолаушыларды 1 қазаннан бастап авиациялық қауіпсіздік күшейтілгені туралы ескертті. 

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" авиациялық қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттілігі туралы радио хабарламасы негізінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жолаушыларды тексерудің күшейтілгені туралы хабарлайды", - делінген астаналық әуежай ақпаратында.

Осыған байланысты халықаралық ұшулар терминалында 1-14 қазан аралығында бірінші тексеру желісі қойылды.

Алматы әуежайында да осындай шара іске асырылуда. Жедел-алдын алуды жүзеге асыруға байланысты терминалға кіреберісте қосымша тексеріс жүргізіледі.

Кезек салдарынан рейске кешігіп қалмау үшін әуежайға ертерек келген жөн, делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: