НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан — Sputnik. Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайы жолаушыларды 1 қазаннан бастап авиациялық қауіпсіздік күшейтілгені туралы ескертті.
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" авиациялық қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттілігі туралы радио хабарламасы негізінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жолаушыларды тексерудің күшейтілгені туралы хабарлайды", - делінген астаналық әуежай ақпаратында.
Осыған байланысты халықаралық ұшулар терминалында 1-14 қазан аралығында бірінші тексеру желісі қойылды.
Алматы әуежайында да осындай шара іске асырылуда. Жедел-алдын алуды жүзеге асыруға байланысты терминалға кіреберісте қосымша тексеріс жүргізіледі.
Кезек салдарынан рейске кешігіп қалмау үшін әуежайға ертерек келген жөн, делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз:
- "Өртенді, өртеніп жатырмыз": Мәскеуде ұшақта түсірілген жантүршігерлік видео
- "Өлімге дайын болдық". Ұшақта түсірілген видео таралып жатыр
- "Жұрт дүрлігіп, жылады": ұшақта болған кәсіпкер апат кезінде не болғанын айтты