Экономика

Тоқаев Путинді екі газ кен орнын игеру бойынша тезірек келісім жасауға шақырды

Қазақстан басшысы "Газпроммен" Хвалынское және Имашев кен орындарын игеру бойынша коммерциялық мәселелерді тезірек шешу маңызды екенін айтты
Sputnik

АЛМАТЫ, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесін Хвалынское және Имашев газ кен орындарын игеру туралы жедел шешімге ықпал етуге шақырды.

"Газдың ресурстық базасын ұлғайту үшін Ресеймен бірлескен Хвалынское және Имашев ірі жобаларын уақтылы жүзеге асырудың маңызы зор. "Газпроммен" коммерциялық мәселелерді тезірек шешу маңызды", - деді Тоқаев.

Имашев газ-конденсаты кен орны Қазақстан мен Ресейдің шекарасында (Атырау және Астрахан облыстарының шекарасында) Құрманғазы ауданының Жыланды ауылынан бес шақырым жерде орналасқан. 2011 жылдың сәуірінде "Газпром" ААҚ және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ арасындағы келісім бойынша Имашев кен орнының операторы болып "ҚазРосГаз" ЖШС айқындалды. 2013 жылдың 11 қарашасында екі ел үкіметі арасында Имашев трансшекаралық газ-конденсаты кен орнын игерудегі ынтымақтастық туралы келісім хаттамасына қол қойылды.

Хвалынское мұнай-газ конденсаты кен орны Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде Астраханнан 260 шақырым жерде орналасқан. 2000 жылы ашылған.

Оқи отырыңыз: