АЛМАТЫ, 30 қыркүйек – Sputnik. Jusan Bank Қазақстан қор биржасында Kcell ұялы операторының бақыланбайтын акциялар пакетін сатып алды, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
"Қазақтелеком" АҚ директорлар кеңесі "Кселл" АҚ акцияларының 24%-ін сату туралы шешім қабылдады. Қазақстандық жетекші Kcell ұялы операторының акцияларын сатып алу жоғары технологиялық платформаларды дамытуға бағытталған Jusan компаниялар тобының стратегиясына сәйкес келеді", - деп атап өтті Jusan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып.
Kcell акцияларын сату туралы шешім 2021 жылдың 28 қыркүйегінде күшіне енді.
2020 жылдың қарашасында Jusan Bank Tele2/Altel операторымен серіктестік қатынас негізінде елдегі алғашқы виртуалды Jusan Mobile ұялы байланыс операторы жобасын іске қосты. Сол арқылы ай сайын 50 мың теңгеден астам қолма-қол ақшасыз төлем жасайтын банк клиенттері ұялы байланыс және мобильді интернет қызметтерін тегін пайдаланады.
2018 жылы "Қазақтелеком" ұлттық байланыс операторы Kcell акцияларының 24%-ін Telia Company-ден және 51%-ін Fintur Holdings BV-ден 446 миллион долларға сатып алды.
Қазақстан қор биржасы деректеріне сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша Kcell акционерлік капиталындағы "Қазақтелекомның" үлесі 75%-ті құрады. Сонымен қатар бірінші шілдеде мобильді оператор акцияларының 7,06%-ін "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ға иеленді. Қалған 17,94% бірқатар миноритарлық акционерлерге тиесілі.
Қазақстанда үш ұялы байланыс операторы жұмыс істейді: "Кар-Тел" ЖШС (Beeline сауда маркасы және izi mobile цифрлы ұялы байланыс операторы), "Kcell" АҚ (Kcell және Асtiv сауда маркасы), "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС (Теле 2 және Altel сауда маркасы).
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда екі банкке айыппұл салынды
- Банк картаны бұғаттап тастаса, не істеу керек