НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Алматыда Навои көшесіндегі иесіз қалған "Бунгало" кафесі өртке оранды.
Өрт шамамен 19.40-та басталды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер аттанды.
"Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Бостандық ауданының Үлкен Алматы өзені жанына аттанды. Мұнда иесіз қалған "Бунгало" кафесі өртеніп жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Жалын маңайдағы ағаштар мен нысанды да шарпыды.
Оқи отырыңыз:
- Алматы облысында тау шатқалы осымен үшінші күн өртеніп жатыр - видео
- Алматы облысында арнайы жасақ жанып жатқан қонақ үйден адамдарды құтқарды – видео
- Жыл басынан бері 251 адам өрттен көз жұмды