Қоғам

Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады

Сондай-ақ ол Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымын қатар атқарады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Руслан Жақсылықов Қазақстанның шкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды", - делінген жарлықта.

Руслан Жақсылықов туралы не білеміз

Руслан Жақсылықов 1966 жылы Алматы облысында туған. И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әсери командалық училищесін, М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияны, Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын тәмамдады.

Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады

2003 жылы Шымкент қалалық мәслихатының депутаты болды. 1987 жылдан 2006 жылға дейін взвод командирінен ІІМ ішкі әскер құрама командиріне дейін түрлі қызмет атқарды.

Әр жылдары ІІМ ішкі әскер бас қолбасшысы, қолбасшы, қолбасшы орынбасары болып істеді. 2014 жылдан – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы. Әскери шені – генерал-лейтенант.

Оқи отырыңыз: