Спорт

Альберт Линдердің өлімі: құраманың аға жаттықтырушысы қызметінен шеттетілді

Алматы облыстық полиция департаменті ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Ауыр атлетика федерациясының ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седов қызметінен шеттетілді. 

Федерация ұлттық құрама командасы жаттықтырушылар штабының айыпталуына байланысты комиссия құруды ұсынды. Оның құрамына спорт ардагерлері мен сарапшылар енеді.

"Тергеу барысында комиссия 28 қыркүйектен бастап мән-жай анықталғанша және қызметтік тергеу жөніндегі тәуелсіз комиссия тиісті қорытынды шығарғанға дейін ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Алматы облыстық полиция департаменті ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Ауыр атлетика федерациясы тергеуге қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз: