Спорт

Қазақстандық ауыр атлеттер өз медальдерін қоқысқа лақтырып жіберді – видео

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуМедали Паралимпиады 2018
Медали Паралимпиады 2018 - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2021
Жазылу
Азия және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, ауыр атлет Альберт Линдердің өз-өзіне қол салғаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық ауыр атлеттер Михаил Макеев пен Фархат Самарханов 25 жастағы Альберт Линдердің қазасына байланысты видеоүндеу жасады, деп жазады Sports.kz.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

"Альберт Линдердің қазасынан кейін бір нәрсені түсіндім – қан мен тердің арқасында тапқан мына медальдердің енді маған керегі жоқ. Халқым үшін емес, кей адамдардың пайдасы үшін көп жыл маңдай терімді төгіп еңбектеніп, жаттығып, жарыстарға қатысқанымды біле тұра, бұл медальдерді қалдыра алмаймын", - деді Макеев.

Макеевтің әріптесі Фархат Самарханов та медальдерін қоқыс жәшігіне тастады.

"Мен Михаил Макеевтің сөзі мен ісіне қосыламын. Өсіп келе жатқан ұрпаққа бір нәрсе айтқым келеді. Кезінде бізге бапкерлеріміз "Кез келген адамның орнын басатын басқа біреу табылады" деуші еді. Біреулер кетеді, біреулер келеді. Сондықтан қазіргі уақытта спортпен шұғылданып, жетістікке ұмтылып жүргендерге айтарым – күндердің күнінде сендердің орындарыңа басқалар келеді. Ал мына медальдер енді маған керек емес", - дейді видеоүндеуде спортшы.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Альберт Линдер 17 қыркүйекте көз жұмды. Ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы және Азия чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болды. Универсиадада жеңімпаз атанып қана қоймай, рекордқа қол жеткізді.

Алматы облысының полиция департаменті ауыр атлеттің қазасына байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы (өз-өзіне қол салуға жеткізу) бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

Кейін қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Линдердің отбасына көңіл айтып, спортшыларға карьерасын аяқтағаннан кейін қолдау көрсету қажет екенін айтты.

Жаңалықтар
0