НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі, 30 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын болжады.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, республиканың оңтүстігінде жаңбыр жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында солтүстік антициклон әсер етеді, онда ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Сондай-ақ республикада жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте және шығыста тұман түседі, солтүстікте – көктайғақ, оңтүстікте найзағай ойнайды.
Мегаполистердегі ауа райы
Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз, күндізгі температура + 21 + 23 ° С.
Шымкентте күн бұлтты, күндіз + 22 + 24 ° C.
Нұр-Сұлтанда жауын-шашынсыз, тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр, күндіз + 3 + 5 ° C болады.
Дабылды ескерту
Қызылорда облысының орталығында солтүстік, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Алматы облысының шығысында және таулы аймақтарында жел соғады, екпіні секундына – 15-20 метр.
Павлодар облысының орталығында тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда қыркүйекте ауа райы қандай болады