Қоғам

30 қыркүйекте ауа райы қандай болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана осенью
Виды Нур-Султана осенью - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2021
Жазылу
Қазақстанның батыс өңірлерінде ғана ауа температурасы аздап көтеріледі. Нұр-Сұлтан мен Алматыда күн суытады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі, 30 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын болжады.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, республиканың оңтүстігінде жаңбыр жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында солтүстік антициклон әсер етеді, онда ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. 

Сондай-ақ республикада жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте және шығыста тұман түседі, солтүстікте – көктайғақ, оңтүстікте найзағай ойнайды.

Мегаполистердегі ауа райы

Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз, күндізгі температура + 21 + 23 ° С.

Шымкентте күн бұлтты, күндіз + 22 + 24 ° C.

Нұр-Сұлтанда жауын-шашынсыз, тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр, күндіз + 3 + 5 ° C болады.

Дабылды ескерту

Қызылорда облысының орталығында солтүстік, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.   

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Алматы облысының шығысында және таулы аймақтарында жел соғады, екпіні секундына – 15-20 метр.

Павлодар облысының орталығында тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қыркүйекте ауа райы қандай болады

Жаңалықтар
0