Спорт

Желіде футзалдан Қазақстан құрамасының эмоцияға толы видеосы жарияланды

Футболистер эмоцияларын есіктерді ұрғылап, қол шапалақтап шығарып жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың чемпионаттың жартылай финалына шыққаннан кейінгі видеосын жариялады.

Видео киім ауыстыратын жерде түсірілген. Ол жерден құрама өкілдерінің қуанышы қойнына сыймай отырғанын көруге болады. 

Футзалдан Қазақстан құрамасының бапкері Кака "Алға, Қазақстан" деп айғайлайды, футболистер болса эмоциясын есіктерді ұрғылап, қол шапалақтап шығарып жатыр. 

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар Иран құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Осылайша тарихи жеңіске жетті.

Құраманы бұл жетістікпен ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі құттықтады

"Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін!", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

Оқи отырыңыз: