АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасын жартылай финалға шығуымен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін!", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы Иран құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, футзалдан Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Осылайша тарихи жеңіске жетті.
Енді қазақстандық спортшылар финалға шығу үшін Португалиямен бәсекеге түседі, ойын 30 қыркүйекте өтеді. Тағы бір жартылай финалға шаққандар арасында Бразилия мен Аргентина бар.
Оқи отырыңыз:
- 100-ге келген соғыс ардагері Тоқаевқа хат жазды
- Тоқаев азық-түлік бағасын бақылауда ұстауды тапсырды