Оқиға

Павлодарда балалар жаттығатын ғимараттың төбесі опырылып ортасына түсті - видео

Желіде пайда болған видео астына тұрғындар "балаларды құдай сақтаған", "ол жерде жуықта жөндеу жасалып еді ғой" деген пікірлер жазып жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда "Батыр" спорт мектебінің шатыры құлады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Төтенше жағдай бүгін сағат 10:05-те болған.

Шатыры опырылып түскен ғимараттың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Видео астына тұрғындар "балаларды құдай сақтаған", "ол жерде жуықта жөндеу жасалып еді ғой" деген пікірлер жазып жатыр.

Өңірлік туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаевтың айтуынша, Катаев көшесінде орналасқан "Батыр" бокс залының шатыры құлап түскен.

"Зардап шеккендер жоқ. Залда ешкім болған жоқ. Таңертең жаттығу болды, шатырдың құлағанын естіген сәтте балалар жедел эвакуацияланды", - деді ол.

Мектепте директор мен вахтер болған. Екі плитаның құлағаны белгілі. Оның не себепті құлағанын анықтау бойынша комиссия құрылды.

Ғимарат 1984 жылы пайдалануға берілген.

Қазір ғимаратты полиция қоршап, анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: