Әлем

АҚШ допинг қолдануды ауыр қылмыс ретінде қарастыратын заң әзірлеп жатыр  

© AP Photo / Felipe DanaАрхивное фото образца, подлежащего испытанию в лаборатории допинг-контроля
Архивное фото образца, подлежащего испытанию в лаборатории допинг-контроля - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
Америкалық Райан Мерфи ресейлік Евгений Рыловтан 200 метрге жүзу кезінде жеңіліп қалған болатын. Содан кейін америкалық азамат жеңістің әділ екеніне күмәнданып, екіұдай пікір білдірді

НҰР -СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Америкалық конгресмендер допинг жоспарына қатысты заң бұзушылықтарды ауыр қылмыстық әрекет – ақша жымқырумен және бопсалаумен теңестіруді қарастыратын заң жобасын әзірледі, деп жазды РИА Новости.

Егер бұл заң қабылданса, оны қолдану аясы бүкіл әлем болатыны анық. АҚШ-тың арнайы қызметі америкалық атлет қатысатын кез келген халықаралық спорт жарысында "допинг қылмысын ұйымдастырушыларды" іздейтін болады.

Ақша жымқыру мен бопсалауға қарсы заңдар жинағы (RICO) 1970 жылы Америкада мафиямен күресу мақсатында қабылданған болатын. Ол осы қылмысқа күдіктілердің әңгімесін тыңдауға, олардың ізіне түсуге, сотта жасырын жазылған материалдарды қолдануға мүмкіндік береді. RICO Нью-Йорктегі мафия басшылары мен парақор полицейлерді жазалау үшін қолданысқа енгізілді. Олардың көбі әлі де жаза мерзімін өтеп жатыр.

Бұл құжат америкалық арнайы қызметке бүкіл әлем бойынша басқа ел азаматтарының ізіне түсуге, қамауға алуға рұқсат сұрауға, АҚШ-қа экстрадициялауға және банк есепшоттарын бұғаттауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қандай да бір "арнайы операцияларды" өткізуге еш шектеу қоймайды.

Жалпы бұл заң кімге қарсы қолданылып отырғанын жасырып жатқан ешкім жоқ.

"Ресей сынды авторитарлы мемлекеттер үшін допинг заңды бұзуға көмектесетін асимметриялы қару болып отыр", - деп ашық айтты АҚШ Конгресіндегі Хельсинки комиссиясының мүшесі Джо Уилсон.

Хельсинки комиссиясының тең төрағасы, конгрессмен Стив Коэн заң жобасының қажеттілігі Токио Олимпиадасындағы америкалық атлеттердің шағымын дәлелдеп отырғанын айтты. Ол АҚШ спортшылары басқалар допингті қолдануды жалғастырып жатыр деп күмәнданғанын жеткізді.

Еске сала кетейік, америкалық жүзуші Райан Мерфи ресейлік Евгений Рыловтан 200 метрге жүзу кезінде жеңіліп қалған болатын. Содан кейін америкалық азамат жеңістің әділ екеніне күмәнданып, екіұдай пікір білдірді. Артынша-ақ оның құрама бойынша әріптесі Лили Кинг "Олимпиадада лайықсыз спортшылар жүр" деген мәлімдеме жасады.

Алайда WADA да, Халықаралық Олимпиада комитеті де ресейлік жеңімпаздардың ағзасында тыйым салынған ешқандай зат табылмағанын айтқан болатын. Олар маңдай терімен жеңісті иеленді.

Бір қызығы, соңғы уақытта допингке қатысты даудың барлығы америкалық спортшылармен байланысты. Олардың қатарында желаяқ Ша'Карри Ричардсон, гимнаст Симона Байлз, танымал жүзуші, әлем чемпионы Райан Лохте, велошабандоз Лэнс Армстронг бар.

Бұл тек әлем деңгейінде шу болған оқиғалар. Ал АҚШ-тың отандық спортындағы жағдай мүлде белгісіз. Спорт саласындағы қыруар қаражаттың айналымда жүруінен ешкімнің тыйым салынған затты табуға құлқы жоқ.

2012 жылы WADA бас директоры Дэвид Хауман Ұлттық баскетбол қауымдастығын допингті қадағалау бойынша жеткіліксіз деңгейде жүргізген жұмысы үшін сынға алды. Ол белгілі баскетболшыларға допингке тест тапсыруды ұсынғанымен, бұл идея елеусіз қалып қойды.

2008 жылы сол кезде сенатор қызметін атқарған Джо Байден Халықаралық допингке қарсы күрес конвенциясын ратификациялауды ұсынды. Бірақ уақыт өте келе америкалықтар допинг қолданатын спортшыларды АҚШ-та емес, одан тыс жерлерде анықтағалы жатыр.

Жаңалықтар
0