Қоғам

"Маңғыстаумұнайгаз" компаниясының лауазымды тұлғаларына сот үкімі шықты

Қаржы мониторингі агенттігі "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі аяқтады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында ақша жымқырды деп айыпталған "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды қаржы мониторингі агенттігі.

"Тергеу барысында 2017-2018 жылдары "ММГ" АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Бейсембин және оның орынбасары Дәуленбаева АҚ-ның жылжымайтын мүлік объектілерінің құқық белгілеуші құжаттарын қалпына келтіру және тіркеу бойынша қызмет көрсеткені үшін Лисовой және Юндтпен жалған келісімшарттар бекіткені анықталды", - делінген хабарламада.

Алайда компанияның 700-ден астам жылжымайтын мүлік объектісінің құжаттары Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағатында сақталған және оларды қалпына келтіру қажет болмаған. Құжаттардың көшірмесі тегін беріледі.

Осылайша, агенттіктің мәліметінше, компания шотынан қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында Лисовойдың атына негізсіз 455 миллион теңге аударылған. Көрсеткен қызметтері үшін Лисовой мен Юндт әрқайсысы 10 миллион теңге алған.

Кінәлі тұлғалар бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп атап өтті ведомство.

Оқи отырыңыз: