Оқиға

Алматыда полициядан қашамын деп есінен танған жүргізуші құтқарылды – видео

Ұсталған адамға ірі көлемде айыппұл салынады немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Sputnik

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматыда ер адам көлікті айдап әкетіп, жолда полициядан жасырынамын деп апатқа ұшырады.

Оқиға 28 қыркүйек сағат таңғы 5:00 шамасында болған. Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері "ерекше көлікке" назар аударған. Жүргізушіден тоқтауды талап еткен кезде, ол елемей, жасырынуға тырысты, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Содан кейін полиция қызметкерлері оның ізіне түсті. Ал көлік тізгініндегі азамат көлікті басқара алмай, Шығыс айналма жолы бойында жоғары жылдамдықпен өзге көлікті соқты.

Қауіпсіздік жастығына соғылған жүргізуші есінен танып қалды. Ал оның аяғы газды басқан күйі қалды. Полицейлер көлікті айдап кеткен жас жігітті құтқарып қалу үшін барын салды. Алайда бір соққыдан көлік терезесі сына қоймаған.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ұсталған азамат істің барлық мән-жайын анықтау үшін Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Полиция қылмыстық кодекстің 200-бабының 1-бөлігі ("Автомобильді немесе өзге де көлікті жымқыру мақсатынсыз заңсыз иелену") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Күдіктіге 1000 АЕК (2,9 миллион теңге) дейін айыппұл немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не шектеу жазасы берілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: