Қоғам

Қазақстанда Радио күні пайда болды

Үкімет қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның мерекелік күндер тізбесі тағы бір айтулы датамен толықты.

Үкімет 2021 жылғы 13 тамыздағы қаулысымен Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне толықтыру енгізді.

Атап айтқанда, 1 қазан – Радио күні болып бекітілді.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Биыл жазда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерін төл мейрамымен құттықтау кезінде радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екеніне назар аударды.

Президент Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен жөн деп санайтынын жеткізді.

Оқи отырыңыз: