НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның мерекелік күндер тізбесі тағы бір айтулы датамен толықты.
Үкімет 2021 жылғы 13 тамыздағы қаулысымен Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне толықтыру енгізді.
Атап айтқанда, 1 қазан – Радио күні болып бекітілді.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Биыл жазда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерін төл мейрамымен құттықтау кезінде радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екеніне назар аударды.
Президент Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен жөн деп санайтынын жеткізді.
Оқи отырыңыз: