АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. 17-ші шағын аудандағы Aktau Plaza тұрғын үй кешенінде ішінде адамдар бар лифт шахтаға құлады.
Оқиға видеосын жергілікті "Лада" басылымы жариялады.
Үй тұрғындарының айтуынша, 25 қыркүйек кешкі сағат 19:30-да бірінші қабатта адамдар мінген соң лифт шахтаға құлап кетті.
Зардап шеккендер жоқ, адамдар бір-біріне шығуға көмектесті.
"Бұл төтенше оқиға кезінде шошып қалған адамдар арасында емізулі баласы бар аналар болды. Бұл не масқара? Біздің үйде болып жатқан алғашқы жағдай емес", - деп шағымданады үй тұрғындары.
Олардың айтуынша, құрылыс компаниясы бұл жағдайды біледі, бірақ ешқандай шара қолданбайды.
Сондай-ақ тұрғындар тұрғын үйдің жартысынан көбіне адамдар шамамен бір жыл бұрын қоныстанғанын, алайда олар әлі күнге дейін пәтер құжатын алмағанын айтты. Үй газға қосылмаған.
Оқи отырыңыз:
- Нұр-Сұлтанда лифтіде дәрет сындырған әйелдің кім екені белгілі болды
- Лифтіде би билеген ұры жұртты күлдірді - видео
- Нұр-Сұлтанда үйлердің бірінде ішінде 2 адам болған лифт құлады