Оқиға

Ақтауда ішінде адамдар бар лифт құлады – видео

© Sputnik / Владислав ВодневКабина лифта, кнопки
Кабина лифта, кнопки - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Лифт ішінде кішкентай балалар болған, төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ екені хабарланып отыр

АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. 17-ші шағын аудандағы Aktau Plaza тұрғын үй кешенінде ішінде адамдар бар лифт шахтаға құлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Оқиға видеосын жергілікті "Лада" басылымы жариялады.

Үй тұрғындарының айтуынша, 25 қыркүйек кешкі сағат 19:30-да бірінші қабатта адамдар мінген соң лифт шахтаға құлап кетті.

Зардап шеккендер жоқ, адамдар бір-біріне шығуға көмектесті.

"Бұл төтенше оқиға кезінде шошып қалған адамдар арасында емізулі баласы бар аналар болды. Бұл не масқара? Біздің үйде болып жатқан алғашқы жағдай емес", - деп шағымданады үй тұрғындары.

Олардың айтуынша, құрылыс компаниясы бұл жағдайды біледі, бірақ ешқандай шара қолданбайды.

Сондай-ақ тұрғындар тұрғын үйдің жартысынан көбіне адамдар шамамен бір жыл бұрын қоныстанғанын, алайда олар әлі күнге дейін пәтер құжатын алмағанын айтты. Үй газға қосылмаған.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0