Фото

Әбілхан Қастеев музейіне саяхат: жұртты тамсандырған туындылар – фото

Sputnik

Музейге 1984 жылы қаңтарда Қазақ КСР халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді. Қазір мұнда Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі ғылыми орталықтары бар. Сондай-ақ сурет өнерінің түрлі жанры музей сөрелерінен орын тепкен.

Музейге аты берілген Әбілхан Қастеев – Қазақстанның бейнелеу өнер тарихында өшпес із қалдырған дарынды тұлға. Қастеевтің шығармашылығы жан-жақты, сан қырлы. Ол қазақ халқының белгілі тұлғалары Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың, Жамбыл Жабаевтың, Амангелді Имановтың портретін бірнеше рет салған. Музейде Қастеев туындылары бөлек залда тұр.

Сонымен қатар қазір музейде Алматының туған күніне орай "Алматы суретшілер көзімен" көрмесі өтіп жатыр. Ол жерде қала суретшілері мегаполистің көрікті жерлерін қағазға түсірген туындылары қойылған.

Сондай-ақ суретші Николай Константинович Рерихтің "Рухтың шыңдары" көрмесі ашылған. Оның туындылары таудың алып шыңдарына ұмтылу, рухани даму ізденістеріне шақырады. Рерихті туындыларына қарап "Тау шебері" деп атаған. Себебі ол Гималайдың жан дүниесін ашып көрсеткен.

Музейде қандай туындылар бар екенін Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.

1 / 23
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі 1976 жылы Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының және республикалық қолданбалы өнер музейінің қоры негізінде қаланған.
2 / 23
Музейге 1984 жылы қаңтарда Қазақ КСР халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.
3 / 23
Қазір көрмеде Алматының туған күніне орай "Алматы суретшілер көзімен" көрмесі өтіп жатыр. Ол жерде қала суретшілері мегаполистің көрікті жерлерін бейнелеген. Фотода: суретші Күлбатыровтың "Опера және балет театры" суреті.
4 / 23
Күлбатыровтың "Алматы көрінісі" суреті. Онда Алатау, Көктөбе мұнарасы мен "Қазақстан" қонақ үйі бейнеленген.
5 / 23
Суретші Омышев Алматының орталық мешітін салған. Туынды Алматының туған күніне орай "Алматы суретшілер көзімен" көрмесіне қойылған.
6 / 23
"Алматы суретшілер көзімен" көрмесі 19 қыркүйекте ашылды, ол 3 қазанға дейін жалғасады.
7 / 23
Музейге келіп жатқан адам көп. Эстетиканы жақсы көретін жастар мұнда арнайы келіп, фотосессия жасайды.
8 / 23
Музейде әртүрлі жанрдағы өнер туындысын тамашалауға болады. Арасында мүсін де, портрет те, натюрморт та бар. Фотода: "Балықшы қыз" терракотасы
9 / 23
Салихитдин Айтбаевтың "Бақыт" туындысы.
10 / 23
Музейде Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі ғылыми орталықтары бар.
11 / 23
Әбілхан Қастеев – Қазақстанның бейнелеу өнер тарихында өшпес із қалдырған дарынды тұлға. Қастеевтің шығармашылығы жан-жақты, сан қырлы. Ол қазақ халқының белгілі тұлғалары Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың, Жамбыл Жабаевтың, Амангелді Имановтың портретін бірнеше рет салған. Музейде Қастеев туындылары бөлек залда тұр.
12 / 23
Әбілхан Қастеев туындылары
13 / 23
Әбілхан Қастеевтің "Таудағы мұз айдыны" туындысы. Суретші Медеу мұз айдынын 1955 жылы салған.
14 / 23
Әбілхан Қастеев "Қапшағай су электр станциясы" туындысын 1972 жылы салған.
15 / 23
Музейдегі орыс өнер коллекциясы 17 ғасырдан бастап 1917 жылға дейінгі аралықтағы өнер туындыларын қамтиды.
16 / 23
Музейдегі орыс өнері залындағы туындылар
17 / 23
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейіне келушілер
18 / 23
Қаламгер Мұхтар Әуезов бюсті
19 / 23
Музейде Николай Константинович Рерихтің "Рухтың шыңдары" көрмесі өтіп жатыр. Оның туындылары таудың алып шыңдарына ұмтылу, рухани даму ізденістеріне шақырады.
20 / 23
Рерихтің туындылары. Қылқалам шеберінің символдық мәнге ие, сондай-ақ түрлі сюжеттік композициялары ұсынылған.
21 / 23
Рерихті туындыларына қарап "Тау шебері" деп атаған. Себебі ол Гималайдың жан дүниесін ашып көрсеткен.
22 / 23
Қазақ ақыны Олжас Сүлейменов бейнеленген туынды қазақ өнері залының көркі болып тұр.
23 / 23
Күләш Байсейітова, Қыз Жібек суреті де қазақ өнері залының сұлулығын арттырып тұрған туындылар.