НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. 24 қыркүйекте Тұрар Рысқұлов ауданы аумағындағы “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” тас жолының 430-шақырымында Chevrolet Cobalt жеңіл автокөлігінің “Погрузчик” техникалық көлігімен соқтығысты.
Соқтығысқан жүк тиегіш көлігі жол жиегіне құлаған.
"Жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші түрлі жарақатпен Тұрар Рысқұлов ауданының орталық ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.
Автотиегіш жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жол-көлік оқиғасының себебі анықталуда, бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Оқи отырыңыз:
- Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза болды – видео
- Таразда аялдамадағы жантүршігерлік апаттан аман қалғандарға қатысты ақпарат шықты