Өңірлер

Таразда аялдамадағы жантүршігерлік апаттан аман қалғандарға қатысты ақпарат шықты

© Sputnik / Владислав ВодневКарета скорой помощи на дороге столицы
Карета скорой помощи на дороге столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
Көліктің тізгінінде 23 жастағы жігіт болғаны нақтыланды. Ол полиция келгенде оқиға орнында болған

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Таразда аялдамада тұрған 4 адамды қағып кеткен жеңіл көліктің жүргізушісі қалғып кеткен болуы мүмкін, деп хабарлады Хабар 24.

"Жол апаты 7 және 9-ықшам ауданның ортасындағы жолда болған. Салдарынан екі әйел қайтыс болып, екеуі жансақтау бөліміне түсті. Тергеу амалдары басталды", - деп хабарлады облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Бақыт Ратаев.

Қайтыс болған 40 пен 60 жас аралығындағы әйел адамдар. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Оның біреуі жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. 

"Жағдайы өте ауыр. Оның бес қабырғасы сынған. Миы шайқалған. Төменгі жақ сүйегі сынған. Екі тізесіндегі шеміршектерінің бәрі үзілген. Қазіргі жағдайы өте ауыр", - дейді қалалық көп бейінді аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев.

Көліктің тізгінінде 23 жастағы жігіт болғаны нақтыланды. Ол полиция келгенде оқиға орнында болған. Болжам бойынша жүргізуші ұйықтап кеткен болуы мүмкін. Қазір мән-жайды анықтау үшін сараптама тағайындалған. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Таразда көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті: екеуі көз жұмды – видео

Еске сала кетейік, 15 қыркүйек күні жүйткіген ақ түсті кроссовер кенет қарама-қарсы жолға шығып, аялдамаға тоқтаған автобусқа мінгелі жатқан бір топ адамды қағып өтті. Жантүршігерлік апат видеобақылау камерасына түсіп қалды.

Жаңалықтар
0