Денсаулық

Індеттен тағы 54 қазақстандық көз жұмды

Індетке шалдыққандар арасында сегіз жүзден астам науқастың жағдайы ауыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Өткен тәулікте елімізде 54 адам індеттен көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде 8 адам коронавирустық пневмониядан, 46 адам коронавирустан қайтыс болды. 

25 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 64 475 адам коронавирус инфекциясынан (55 621 пневмониядан және 8 854 коронавирустан) емделуде, олардың ішінде 11 146 пациент стационарда, 53 329 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандардың арасында:

  • 895 адамның жағдайы ауыр,
  • 230 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 138 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр

Оқи отырыңыз: Қазақстанда табылған нигериялық Eta штамм туралы не білеміз