НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Өткен тәулікте елімізде 54 адам індеттен көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Оның ішінде 8 адам коронавирустық пневмониядан, 46 адам коронавирустан қайтыс болды.
25 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 64 475 адам коронавирус инфекциясынан (55 621 пневмониядан және 8 854 коронавирустан) емделуде, олардың ішінде 11 146 пациент стационарда, 53 329 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында:
- 895 адамның жағдайы ауыр,
- 230 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 138 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр
Оқи отырыңыз: Қазақстанда табылған нигериялық Eta штамм туралы не білеміз