АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында ЗИЛ мен жеңіл көлік соқтығысып, отқа оранды. Салдарынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 23 қыркүйекте түнгі уақытта болған.
Жуалы ауданының Бауыржан Момышұлы және Қошқарата тасжолдарының 24-шақырымында Audi-80 және ЗИЛ-130 автокөлігі соқтығысып, өртенген.
Салдарынан Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
ЗИЛ-130 көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақатпен Жуалы ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.
Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiкті басқаратын адамның көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жол апатының себебі анықталып жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды.
Оқи отырыңыз:
- "Адамдар не болып барады?": Нұр-Сұлтанның қақ ортасында болған апат видеосы
- Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза болды – видео
- Алматыда болған жантүршігерлік жол апатының видеосы жарияланды