Елорда тынысы

"Адамдар не болып барады?": Нұр-Сұлтанның қақ ортасында болған апат видеосы

© Sputnik / Владислав ВодневПроспект Республики в Нур-Султане
Проспект Республики в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Жазылу
Желі қолданушылары оқиға орнынан өтіп бара жатқан көлік жүргізушілерінің салқынқандылығына таңғалды

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының ескі орталығында жас жігіт жаяу жүргіншіні қағып кетті. 51 жастағы ер адам оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы тарап кетті. Кадрда жолда екі бүктеліп жатқан адам анық көрінеді. Ал одан бірнеше метр жерде қара түсті жеңіл көлік тоқтап тұр. Ал көлік жүргізушісі біреуге телефон шалып, машинасын айналып жүр. Желі қолданушылары болса, оқиға орнынан өтіп бара жатқан көлік жүргізушілерінің салқынқандылығына таңғалды.

"Масқара, жай әшейін өтіп бара жатыр ғой", - деп жазды біреулер. "Е, Аллам, адамдар не болып барады? Мал құрлы көрмей, өтіп бара жатыр ғой", - дейді тағы бір қолданушы.

Видео авторын сынайтындар да бар. Олардың айтуынша, мәйітті жауып барып түсіру керек еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нур-Султан🚔Сергек●24/7 (@nur_sultan_sergek)

Қалалық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 16 тамызда түнгі сағат 22:21-де Республика даңғылында болған. 51 жастағы ер адам "Самал шағын ауданы" аялдамасы маңайында жолды рұқсат етілмеген жерде кесіп өтпек болған. Сол кезде оны Toyota Camry көлігі қағып кетті. Рөлде 19 жастағы жігіт отырған.

Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0