Оқиға

Ішінде 205 жолаушысы бар Boeing Атырауда шұғыл қонды

Нұр-Сұлтаннан Ыстанбұлға бет алған ұшақ Атырауда шұғыл қонуға мәжбүр болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Boeing 767 жолаушылар ұшағы бейсенбі күні шамамен 21.35-те Атырау әуежайына шұғыл қонды, деп жазады ATPress.kz.

Ішінде 205 жолаушысы бар ұшақ Нұр-Сұлтан - Ыстанбұл халықаралық рейсімен шыққан болатын.

Алдын ала мәліметке сәйкес, отын жүйесінің ақауына байланысты Атырауға баруға мәжбүр болды. 

Борттағы жолаушылардың ішінде бес бала мен 5 экипаж мүшесі бар. Зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз: