Денсаулық

Ауыл емханасында жалған вакцина паспорттарын 15 мың теңгеге сатқандар ұсталды

Емханада коронавирусқа қарсы вакцина паспорттарын он бес мың теңгеге сатып келген, тергеу жүріп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігі вакцина паспорттарын қолдан жасаудың 30 фактісінің жолын кесті.

Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментіне Жамбыл ауданы Аса ауылының емханасында материалдық сыйақы үшін вакцина паспорттарын қолдан жасап беретіні туралы шағым түскен.

"Тексеру барысында емханада COVID-19-ға қарсы вакцина паспорттарын екпе салмай-ақ 15 мың теңгеге сатып келгені анықталды. Осы іске қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қаржы мониторингі агенттігі жалған вакцина паспорттары мен ПТР-тест нәтижелерін дайындау және тарату деректерін анықтау бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.

Ведомство мұндай заңбұзушылықтарға қарсы күресте әлеуметтік жауапкершілік танытатын және осындай деректер туралы хабарлайтын азаматтар маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондықтан агенттік осындай құқықбұзушылықтар белгілі болған жағдайда, агенттіктің + 7 7172 70-84-78 сенім телефонына немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аумақтық департаментке дереу хабарлауыңызды сұрайды.

Оқи отырыңыз: