Өңірлер

Балабақша қызметкерлері жалған вакцинация құжатына тапсырыс бергені анықталды

© Sputnik / Абзал КалиевЭлектронный паспорт вакцинации
Электронный паспорт вакцинации  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Жазылу
Вакцина құжатын қолдан жасағандарға, ПТР тестілеу нәтижесін жалған көрсеткендерге, жалған құжатқа тапсырыс берушілерге қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылған

АЛМАТЫ, 6 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында мектепке дейінгі ұйымдардың және сауда саласының қызметкерлері жалған вакцина құжатына тапсырыс берді. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Агенттік ақпаратына сәйкес, БҚО Орал қаласында емхана қызметкерінің вакцинация паспортын қолдан жасағаны анықталды.

Медицина қызметкері ақшалай сыйақы үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, денсаулық сақтау министрлігінің "Вакцинация" электрондық модулінде вакцина алғаны туралы жалған мәлімет енгізген.

Осылайша, 15-тен астам адамға COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинация туралы жалған электронды құжат берілді.

"Тапсырыс берушілердің негізгі бөлігі – мектепке дейінгі ұйымдардың және сауда саласының қызметкерлері", - деп мәлімдеді агенттік.

Айта кетері, вакцина құжатын қолдан жасағандарға, ПТР тестілеу нәтижесін жалған көрсеткендерге, жалған құжатқа тапсырыс берушілерге қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қазірге дейін қаржы мониторингі агенттігі қатысуымен вакцинаға қатысты жалған құжат жасау ісі бойынша елдің 13 өңірінде 26 сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. 86 адамға қылмыстық жауапкершілік жүктелмек.

Жаңалықтар
0