Көптеген жыл ішінде қоқиқаз алғаш рет ел астанасына ортасына қонды. Бұған дейін оларды тек қала маңынан ғана көруге болатын.
Нұр-Сұлтанда кіші Талдыкөлді құтқару бойынша ауқымды акциялар өткені белгілі.
Билік көлді құммен жауып, жаңа нысандар салғысы келді.
Алайда бұған жергілікті тұрғындар қарсы болды, оларды зооқорғаушылар, экоактивистер және журналистер қолдады.
Кіші Талдыкөлдің тағдыры шешіліп жатқанда қоқиқаз қала орталығының жанындағы табиғи саябаққа ұшып келді. Биліктің қалалық су қоймасын құрғату туралы шешіміне байланысты қалыптасқан жағдайды ескерсек, бұл құбылыстың да символдық мәні бар.
Осындай сәтте қоқиқаздың көлге келуі адамдарға табиғат берген сұлулықты жоймай, керісінше сақтауға белгі бергендей болды.
Кіші және үлкен Талдыкөлге Sputnik Қазақстан тілшісі Абзал Қалиев барып қоқиқаз бен оны тамашалауға жиналған тұрғындарды түсіріп қайтты.
Толығырақ Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.