Денсаулық

Павлодарда бес жасар баладан коронавирустың Eta штамы анықталды

Отбасының барлық мүшесі бұл штаммен ауырып шыққан, дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысыт
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысында бес жастағы баладан коронавирустың нигериялық Eta штамы анықталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы онлайн баспасөз жиынында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов айтты.

"Павлодарда бір отбасындағы баладан сараптама алынды. Мұндай жағдайда таңдап бір адамнан сараптама алынады. 2016 жылы туған баладан коронавирустың нигериялық Eta штамы анықталды. Ол отбасының барлық мүшесі бұл штаммен ауырып, жазылып шыққан", - деді деді Айдар Сейітқазинов.

Басқарма басшысының айтуынша, бұл жағдай тамыз айында болған. Қазір баланың жағдайы жақсы, отбасы мүшелері өздерін жақсы сезінеді.

"Ол кезде Алматыға 5 сараптама жіберілді. Оның біреуінен нигериялық штамм, үшеуінен Дельта штамы анықталды", - деді Айдар Сейітқазинов.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қыркүйекте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан аумағынан нигериялық Eta штамы анықталғанын хабарлады.

Eta штамы туралы былтыр желтоқсанда белгілі болды, вирус жұқтырған науқастар алғаш Нигерия мен Ұлыбританияда тіркелді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 15 қыркүйектегі деректері бойынша Eta штамы әлемнің 77 елінде табылған. ДДҰ санаты бойынша "бақылауды" талап ететін штаммдардың қатарына жатады.

 

Оқи отырыңыз: