Өңірлер

Таразда полицейлер жезөкшелердің үстінен түсті - видео

Полиция қызметкерлері қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Таразда жезөкшелер қызмет көрсететін ғимарат анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады.

Сондай-ақ, 11 адам Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Жеңгетай" санаты бойынша 1 адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 3 әйел профилактикалық есепке алынды. Профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.

Оқи отырыңыз: