НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Таразда жезөкшелер қызмет көрсететін ғимарат анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады.
Сондай-ақ, 11 адам Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Жеңгетай" санаты бойынша 1 адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 3 әйел профилактикалық есепке алынды. Профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.
Оқи отырыңыз:
- Полицейлер Талдықорғанда жезөкшелікпен айналысқан жігіттерді видеоға түсірді
- "Індет жұқтырған жезөкшелерді жасырған": Ақтауда полицейлердің сұмдығы әшкереленді